КЕНТАУ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

КЕНТАУ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

15.04.2025 18:06:59 253
  • ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 27 наурыз күні Кентау қаласында жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлерімен кездесу өтті.

 

  • Мақсаты: ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен «Жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

  • Кездесу барысында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы еңбек ұжымындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты баяндама жасады.

 

  • Кездесу соңында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты жеке сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.

 

 

 

https://www.facebook.com/share/p/16DRMQyRw8/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/965168?lang=kk