КЕНТАУДА ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

КЕНТАУДА ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

15.04.2025 18:08:28 297

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор, Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының құрметіне арналған дзюдо күресінен VІІI Республикалық турнир өтуде. Жарыс 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында ұйымдастырылуда.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов, Жарылқасын Керімбекұлының спорт саласына жасап келе жатқан еңбегі жайында атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа әр өңірден Шымкент, Тараз, Түркістан облысынан жалпы 250-ден астам жас палуандар ала кілемде күш сынаспақ.

Жарылқасын Оңалбек 1973-1991 жылдары «Қайрат» ерікті спорт қоғамында дзюдо, самбо күресінен аға жаттықтырушы, Кентау қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық самбо және қазақ күресінен аға жаттықтырушысы, облыстық «Қазақ күресі» федерациясының президенті, Кентау қалалық спорт комитетінің бастығы қызметтерін атқарған.

1991-1996 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, 1996-1998 жылдары ректор көмекшісі, 1998-2000 жылдары сырттай оқу факультетінің деканы, 2000-2003 жылдары спорт факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2003 жылдан бері ХҚТУ Кентау институтының директоры. Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы өз еңбек жолында көптеген шәкірттерді баптап-тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз атанған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/965633?lang=kk