2025 жылғы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу
15.04.2025 18:08:42 242Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына қосу үшін аккредиттеуден өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін аккредиттеу туралы куәліктер (үш жыл мерзімге):
- «ҚазАлкоТемекі» Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілері, импорттаушылары мен сатушыларының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;
- «Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің Ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/969221?lang=kk