ШҚО құтқарушылары Ақмола облысында су бұру жұмыстарын жалғастыруда
15.04.2025 18:11:07 1577
ШҚО құтқарушылар тобы Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, су басу қаупін жоюға көмектесуде.
Жеке құрам Қоянды ауылында мотопомпалар мен өрт-сорғы станциясын пайдалана отырып, еріген қар суларын сору жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп, инертті материалдарды тиеумен айналысуда.
Құтқарушылардың өзара көмегі жеке сектордың су астында қалуына жол бермей, су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/966401?lang=kk