Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілері бойынша жауакершілікке тартылды
15.04.2025 18:12:48 1600Шортанды ауданының прокуратурасының үйлестіруімен, алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Тек бір тәулік ішінде осындай құқықбұзушылықтар ең көп тіркелген Жолымбет кентінде дүкен иелеріне қатысты 7 әкімшілік хаттама толтырылды.
Аудан прокуратурасы бұл жұмысты ауданның барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасуда. Прокуратура органдары кәсіпкерлерді заңнаманы қатаң сақтауға, ал тұрғындарды – заңбұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.
#Заң_және_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/967091?lang=kk