БУЛЛИНГКЕ ҰШЫРАҒАН ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
15.04.2025 18:34:16 1623ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкіліне Азаматша М, Қызылорда қалалық мектеп-лицейінің бірінде 4- сыныпта оқитын ұлы азамат О.-ға байланысты оқытушылар тарапынан көрсетілген буллинг жағдайлары туралы арыз жолдаған.
Шағымда сынып жетекшісінің баланы көпшілік алдында қорлағаны, полиция шақырамын деп қорқытқаны, сондай-ақ оның ұялы телефонын заңсыз тартып алғаны көрсетілген. Сондай-ақ, анасы мұғалімдердің ұлына қарсы ұжымдық көзқарас қалыптастырғанын, ал сынып жетекшісі оны жеке мектепке ауыстыруды ұсынғанын айтты.
Өкіл арызда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты қарау және тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша білім басқармасына сұрау салу жолдады.
Жолданған сұрау салулардың нәтижесінде Білім басқармасы мұғалімдер тарапынан бұзушылықтар анықтады. Бұған жауап ретінде директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары (сөгіс) және сынып жетекшісі (ескерту) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша Азаматша М. құқығы қалпына келтіріліп, арызы қанағаттандырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/968906?lang=kk