Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

15.04.2025 18:34:56 1707

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 24,3 мың адамнан астам мүгедектігі бар адам тұрады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

2025 жылғы 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

 Отырысқа қатысушылар мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу, білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, қатерлі ісіктерді ерте анықтау және мүгедектіктің алдын алу есебінен мүгедектікке шығудың бастапқы көрсеткішін төмендету мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдады, оның негізгі мақсаты мүгедектігі бар әрбір азаматтың жеткілікті өмір сүру деңгейіне, лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құру болып табылады.

2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді, оған теңдік және кемсітпеу, мүгедектігі бар адамдарды құқықтық қорғау, әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру, инклюзивті еңбек нарығы, денсаулық сақтау, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту, кедергісіз орта мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және т. б. сияқты маңызды бағыттар кіреді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/969036?lang=kk