Театр айлығы басталды
15.04.2025 18:36:17 231
Театр —тәрбие бесігі атты театр айлығы басталды.
Театр өнерін дәріптеу және көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару мақсатында ұйымдастырылатын театр айлығы, биыл 8ші мәрте ұйымдастырылуда.
Театр айлығына орай «Халықтық» атағы бар театрлардың көрмелері жасақталды.
Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары Жиенбаев Дархан Сәулеханұлы театр айлығының ашылуымен құттықтап, ұжымдарға сәттілік тіледі.
Алғаш болып Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Театр айлығында» Тәттімбет ауылының халық театры Ділдә Сыбанбаеваның «Туған жердің тұлғалары мәңгі есімде» драмасын сахналап, көрерменнің мол ықыласына бөленді.
Қойылым соңынан аудандық Qarqaraly газетінің бас редакторы Құрманғазы Өтебай алған әсерімен бөлісіп, театр ұжымына алғысын білдірді.
Құрметті қарқаралылықтар және қала қонақтары баршаңызды 10 сәуір Мақат Рымжанов атындағы Абыз халық театры Бауыржан Момышұлының өмірінен «Бауыржанның бақыты» қойылымын
тамашалауға шақырамыз .
Кіру тегін. Өтетін уақыты: 18.00.
Келіңіздер, көріңіздер!
Рухани дем алуларыңызға тілектеспіз!
Фото Тишбек Хамитов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/969448?lang=kk