Брифинг
15.04.2025 18:38:05 88Өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу шаралары жүргізілуде
Жылыту маусымы басталғалы бері облыс аумағында өрт оқиғалары мен улы газдан улану фактілері жиілеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель мәлімдеді.
– Жылыту маусымы басталғаннан бері өрт салдарынан 9 адам көз жұмды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп (4 адам). Сондай-ақ 9 адам жарақат алды, ал өткен жылыту маусымында бұл көрсеткіш 2 адамды құраған, яғни өсім 4,5 есеге жетіп отыр. Тек өткен аптада облыс аумағында болған өртте 2 бала қаза тауып, 1 әйел жарақат алды. Өрттермен қатар адамдардың улы газдан улану жағдайлары да жиілеп отыр. Жылыту маусымы басталғалы бері 26 жағдай тіркеліп, 21 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 9-ы – балалар, – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, өткен аптада улы газдан уланудың 5 жағдайы тіркеліп, 3 адам қаза тапқан. 15 адам зардап шегіп, 2-еуі медициналық мекемелерге жатқызылған. Жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. Осыған байланысты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу шараларын ұстану, пеш пен газ қондырғыларын дұрыс пайдалану жөнінде ескерту жасалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha-podbornyi/press/news/details/969996?lang=kk