Денсаулық сақтау вице-министрі Шу ауданында болды

Денсаулық сақтау вице-министрі Шу ауданында болды

15.04.2025 18:40:19 55

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев 2025 жылдың 04 сәуірінде Шу ауданына жұмыс сапарымен келді.

Ондағы басты мақсат — жуырда орын алған ана мен нәресте өлімінің мән-жайын анықтап, оның себептерін жан-жақты зерттеу.

Вице-министрмен бірге мәселенің мән-жайын өз көзімен көріп, анықтау мақсатында келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповті және басқа да министрлік қызметкерлерін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев күтіп алды.

Алдымен, делегация «Шу орталық аудандық ауруханасында » болып, мекеменің материалдық-техникалық базасын және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен деңгейін көріп, бағалады.

Сондай-ақ, вице-министр Е.Нұрлыбаев медициналық қызметкерлерімен кездесіп, олармен пікір алмасты.

Содан соң, «Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасына» барған делегация ана мен бала өлімі орын алған жағдай бойынша талдау жасады. Ол өз кезегінде, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін медициналық көмектің сапасын арттыру, әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту керектігін мәлімдеп, бұл бағытта атқарылар жұмыстар легін белгілеп берді. Басқарма басшысы м.а. - ға бірқатар тапсырмалар беріп, олардың орындалуын талап етті.

Сапар қорытындысында Ержан Нұрлыбаев өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін кешенді түрде талдап-тексеріп, саладағы қордаланған мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар дайындау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жүйелі өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhambyl/press/news/details/970834?lang=kk