Соғыс ардагері белгісімен марапатталған
15.04.2025 18:40:39 374
Қапан Мұқанов 1928 жылы 17-қаңтарда құм бойындағы "Қотан ши" деген жерде дүниеге келген.Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы 13 жаста болған. Сол уақыттан бастап колхозда күндіз-түні еңбек еткен. Жерге тұқым себу, егін егу, түйе, өгіздерге соқа жегіп, жер жыртқан. Егіннен алған өнімдерді жинап, Шалқар қаласындағы астық қабылдау пунктіне түйе арбалармен апарып тапсырған. Сонымен қатар жазда шөп шауып, шабылған шөптерді тырмалап, шөмеле жасап, баздарға тасыған. Мал су ішетін құдықтарды қолмен қазып, малдарды қолмен суарған. Тіпті техниканың атқаратын жұмыстарын 4 жыл бойы қолмен атқарған. Соғыс кезіндегі ерен еңбегі ескеріліп, I санатты "тыл ардагері" атағы беріліп, соғыс ардагері медалі тапсырылған. 1942 жылдың қаңтар айына дейін 7 класс оқып, сол қаңтар айынан бастап 1950 жылдың қыркүйек айына дейін №8 ауыл "Қызылту" колхозында колхозшы болып еңбек етеді. 1950 жылдың қыркүйек айынан 1955 жылдың сәуір айына дейін №8 "Алғабас" ауыл советінің секретары болып жұмыс істеген. 1955 жылдың сәуір айынан 1964 жылдың мамыр айына дейін №8 ауыл советі "Қызылту" колхозында қой, сиыр, жылқы фермаларының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Сол жылдың мамыр айынан 1965 жылдың мамыр айына дейін №3 фермада трактор бригадасының есепшісі болған. 1965 жылдың мамыр айынан бастап 1991 жылдың қазан айына дейінгі аралықта Жаңақоныс совхозында құрылыс бухгалтері, ал соңғы 3-4 жылдықта орталық қойма меңгерушілігін қоса атқарды. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 40-50-60-65-70 жылдық мерекелік медальдарымен, Еңбек ардагері медалымен және де «соғыс ардагері» төсбелгісімен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/970916?lang=kk