Мобильді топ қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жеке құрамымен кездесті

Мобильді топ қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жеке құрамымен кездесті

15.04.2025 18:42:12 44

Шымкентте заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №56 мекемесінің жеке құрамымен кездесті.

Топтың құрамына қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Аманат» партиясының филиалы және қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері енді.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерін төмендету тетіктерін және мемлекеттік сектордағы этикалық стандарттарды арттыруды талқылады.

Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу жүйесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, кері байланыс, оның ішінде Агенттіктің 1424 Call-орталығы туралы ақпарат берілді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/971470?lang=kk