МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ШЕКТЕУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
15.04.2025 18:42:14 44ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары М. Бибітова Департамент қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы әдептілік нормалары, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға (лудомания) қатысу бойынша шектеулер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген соңғы толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып, алдағы міндеттер бойынша да ақпараттар берілді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қызметті атқару барысында туындайтын мәселелер бойынша сауалдар қойылып, заңнама аясында жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/971529?lang=kk