KazAID пен JICA: 2026 жылға арналған Жол картасы мен бірлескен жобалар

KazAID пен JICA: 2026 жылға арналған Жол картасы мен бірлескен жобалар

23.09.2026 14:47:39 294

2026 жылғы 21 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен JICA-ның Қырғыз Республикасындағы Тұрақты өкілі Нишигата Котаромен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі агенттік арасындағы іс-қимыл жоспары шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ KazAID мен JICA арасындағы 2026 жылға арналған Жол картасының жобасын қарастырды. Тараптар табиғи апаттар қаупін азайту бойынша бірлескен семинар ұйымдастыру мүмкіндігіне ерекше назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1296879?lang=ru