КЕНТАУЛЫҚ ПАЛУАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
15.04.2025 18:42:44 33
Қарағанды қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған 400-ге жуық спортшы қатысты. Бағын сынаған жарыста Түркістан облысының ұлттық құрамасының намысын қорғаған Кентау қаласының спортшысы Ерасыл Мусан 55 келі салмақта күресіп, күміс медальді қанжығасына байлады.
Ерасыл Әмирханұлы 2007 жылы Кентау қаласы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Ол 4 сыныптан бастап грек рим күресімен шұғылданып келеді. Грек рим күресінен ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2022 ж Азия біріншілігінде ІІ орын, 2024 жылы Испания елінде өткен халықаралық жарыста І орын, 2024 жылы тамыз айында Иордания елінде өткен Әлем біріншілігінің қатысушсы болған.
Кентау қаласындағы № 1 Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған түлегі, жаттықтырушысы Жасулан Аймурзаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971762?lang=kk