«Еңбек жолы» байқауы
15.04.2025 18:42:55 55Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек күніне байланысты «Еңбек жолы» байқауын өткізеді. «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы әкімінің аппараты» ММ «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. Өтінімді Чкалова 8 мекен-жайы бойынша мамыр айының 1-ші жұлдызынан маусым айының 10-шы жұлдызына дейін өтінімдерді қабылдаймыз.
Конкурсты өткізу мақсаттары:
1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі еңбек үлесін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;
5) "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы"қамқорлығымен қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
- Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.
- Конкурсқа Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
- Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар жеңімпаздарды мынадай номинациялар бойынша айқындайды:
1) Үздік еңбек әулеті.
Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (бір немесе екі жұбайы балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіретін бір ұйым қызметкерлерінің тобы. Еңбек жолын бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;
2) жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.
Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) Өндірістің үздік жас қызметкері.
Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады;
Байқауға қатысы үшін келесі құжаттар тізімі қажет:
Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мынадай материалдарды екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдейді және ұсынады:
1) номинациясын көрсете отырып, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз);
4) конкурсант туралы (жұмыс, отбасы, хобби және т. б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5)еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсыныс хаты.
Бар болса (келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сертификаттар беріледі:
- 1 орын үшін-1 000 000 (миллион) теңге;
- 2 орын үшін-500 000 (бес жүз мың) теңге;
- 3 орын үшін-200 000 (екі жүз мың) теңге.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi/press/news/details/971830?lang=kk