Көкшетаулық патруль қызметкерлері "Автоураган" кешенінің көмегімен көлікті айдап әкетушіні ұстады
15.04.2025 18:44:04 176Ұрланған көлік бір сағат ішінде табылды.
6 сәуірде Көкшетау қаласының патрульдік полиция экипажы полиция капитаны Райымбек Есмагулов пен аға лейтенант Сұлтан Байболов көлік құралын айдап әкеткен күдіктінің ізін суытпай ұстады. "Ауди А6" маркалы автокөлікті айдап әкету туралы арыз полицияға таңғы сағат 11 шамасында келіп түсті. Иесі көлікті үйінің ауласындағы автотұрақтан таппай, дереу полицейлерден көмек сұрады.
Патруль қызметкерлері хабарламаға жылдам ден қойып, бірден көліктің маркасы, мемлекеттік нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты таратты. Полицейлер бұл деректерді "Автоураган" жүйесі арқылы да тексерді.
Жүйеден алынған мәліметтерге сәйкес, бір сағат бұрын ұрланған көлік Красный Яр ауылының бағытында тас жолмен жүріп өтті. Полицейлер көрсетілген координаттарға дереу барып, көлікті айдап әкетушіні ұстады.
Күдікті мас күйінде қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұстау кезінде де ер адам мас болған және полицейлерге көліктің салонына қалай кіріп, оқиға орнынан кетіп қалғанын түсіндіре алмады.
Айдап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, айдап әкетушіге қатысты мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін хаттама толтырылды.
Тергеу жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/972194?lang=kk