Олжас Бектенов: туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет
15.04.2025 18:44:13 374ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.
Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.
«Қазақстан – тарихы терең, табиғаты әсем, мәдениет пен салт-дәстүрге бай мемлекет. Ұлан-ғайыр даламыздың әр қиырында туристерді қызықтыратын көрікті жерлер көп. Сондықтан туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет.
Бұл ретте, Қазақстандағы туризмнің даму әлеуеті өте жоғары. Соңғы 5 жылда туристердің саны 7,5 есеге өсті. Былтыр елімізге 15 млн-нан астам адам саяхаттап келді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
@KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972250?lang=kk