125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту және туристік топтар үшін жедел паспорттық бақылау: Үкімет туристік саланы дамыту шараларын кешенді түрде жүзеге асыруда
15.04.2025 18:44:19 220Үкімет отырысында Премьер-министр туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамыту және оларды қолжетімді ету жөніндегі кешенді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
«Өткен жылы Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін «Жібек жолы» туристік пойызы іске қосылды. 125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында әуежайлардың жаңа терминалдары салынды.
Көші-қон рәсімдерін оңайлату шаралары қолға алынды. Мәселен, шекара бекеттерінде ұйымдасқан туристік топтарды кезексіз өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл шара паспорттық бақылаудан өту уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді»,— деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр өңір әкімдеріне туристік объектілерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруды тапсырды.
@KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972266?lang=kk