Премьер-министр Tax Free тетігін цифрландырып, автоматтандыруды тапсырды
15.04.2025 18:44:20 297Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Tax Free құралын пилоттық пайдаланудың жақсы нәтижелеріне назар аударды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда TaxFree жүйесі 2019 жылы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында пилоттық режимде енгізілгенін баяндады. Аталған құралды пайдалану шеңберінде шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгенің тауары сатылды. Орташа сатылым сомасы 837 мың теңгені құрады. Осылайша, Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болды.
Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Tax Free» тетігін енгізудің нақты алгоритмін әзірледі тапсырды.
«Бұл құралды туристерге ыңғайлы болуы үшін, әсіресе әуежайларда қаражатты қайтару тетігін іске асыру үшін толығымен цифрландырып, автоматтандыру керек»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
@KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972269?lang=kk