Экономика және бюджет, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
15.04.2025 18:44:35 187
Экономика және бюджет, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
⠀Комиссия мүшелері «2024 жылға арналған бюджеттің төртінші деңгейінің орындалуы және 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы» мәселені қарап, талқылады.
Қаланың елді мекендерінің әкімдері сөз сөйлеп, ақпараттарымен бөлісті.
⠀Сондай-ақ, «Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін және әлеуметтік дүкендердің жұмысын ұйымдастыру туралы» мәселе қаралды.
⠀Бүгінгі таңда қалада 115 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. «Әлеуметтік» дүкен мәртебесін берудің негізгі талабы ретінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сату көзделген, мұндай тауарлардың бағасы жалпы нарықтық бағаның 10-15%-на төмен болуы тиіс.
⠀Сонымен қатар, тұрақты негізде 11 базар мен 32 сауда үйін қоса алғанда, ӘМАТ-қа шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының мөлшерін сақтай отырып, баға бойынша 3 мың дүкенге мониторинг жүргізіледі.2024 жылы барлығы 52 жәрмеңке өткізілді, онда 3894,6 теңге сомаға өнім сатылған болатын, жалпы бір жәрмеңкеде 16-17 тонна өнім сатылуда.
⠀Сондай-ақ әкімдіктің консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бүгінгі отырыстағы талқылаудан кейін барлық мәселелер мәслихаттың таяудағы сессиясының қарауына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/972345?lang=kk