Көпір асты өткелдердің уақытша жабылуы туралы ақпарат

Көпір асты өткелдердің уақытша жабылуы туралы ақпарат

15.04.2025 18:45:34 1700

Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Спорт сарайы маңындағы, Протазанов көшесі мен Мызы — Ворошилов бағытындағы көпір асты жолдар уақытша жабылады. Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды.

Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталмақ.
Кептелістер мен қолайсыздықтар болмас үшін, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/972665?lang=kk