Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов

Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов

15.04.2025 18:47:52 33

Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы көлемі 19,4%-ға, құрылыс – 14,1%-ға, жеке инвестициялар – 10,7%-ға, сауда – 9,9%-ға, көлік – 5,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,1%-ға өсті. Орташа жалақы 13,3%-ға өсіп, 329 131 теңгені құрады. Ал 2 жыл ішінде ол 1,4 есе өсті. 17 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық 4,6%-ға дейін төмендеді. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, кедейлік шегінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санын 3964-тен 2356-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Нәтижесінде, АӘК алатын отбасылар санының төмендеу қарқыны бойынша облыс ҚР бойынша екінші орында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973206?lang=kk