ДЕПУТАТТАР КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ДЕПУТАТТАР КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

15.04.2025 18:48:39 264

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Қалыйма Жантөреева, Бегімбет Байғараев, Талғат Садуов атқарған жұмыстар туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихаттың төрағасы Қаблан Елеусізов, қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде депутат Қалыйма Жантөреева Кентау қаласына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Есепте тұрғындар тұрғын үй аулаларына балалар және спорт алаңдарын орнатуға қаржы бөлу, ішкі көшелерге асфальт төсеу, Байылдыр ауылындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту, қаладағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, Қарнақ ауылын газдандыру, қаладағы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қоғамдық көлік қызметін субсидиялау және Қосқорған су қоймасын толықтыру мен су төмендету жүйесін салу мәселесін көтерді.

Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі бойынша ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді. Жалпы, Кентау халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/973332?lang=kk