Астанада шағын отбасылық жатақханадағы өрт: Тұрғындарға жаңа пәтер беріледі
15.04.2025 18:48:47 110Шағын отбасылық жатақханадағы (Бұланты көшесі, 4) өрт салдарынан тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Кешке олар қонақүйлерге көшіріледі.
Жатақхана апатты деп танылып, 2025 жылы бұзу бағдарламасына енгізілгендіктен, тұрғындар осы апта ішінде жаңа пәтерлерге көшіріледі.
Олар азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілген, қаражат және қажетті заттар жинаудың қажеті жоқ. Жағдайға бей-жай қарамай, алаңдаушылық білдірген жандарға алғыс айтамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/973360?lang=kk