Менің мамандығым — менің болашағым: Павлодар облысы ТЖД жоғары сынып оқушыларымен кездесті

Менің мамандығым — менің болашағым: Павлодар облысы ТЖД жоғары сынып оқушыларымен кездесті

15.04.2025 18:50:34 143

Танымдық іс-шара Орталық қалалық кітапханада өтті. Кездесуге қаланың орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс — шара барысында оқушылар өрт сөндіруші мамандығымен танысып, Павлодар өрт сөндіру қызметінің нағыз батырлары-қызметкерлерінен батылдыққа толы өткен жағдайларымен бөлісіті.

Өрт сөндірушілер оқушыларға өрт сөндіруші мамандығы туралы, өрт сөндірушілер күн сайын өрттермен, техногендік апаттармен және басқа да төтенше жағдайлармен бетпе-бет келіп, басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігетіні туралы айтып берді.         

Қауіпсіздік мәселелеріне, өрттің пайда болу себептеріне және олар туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге ерекше назар аударылды. Тыңдаушыларға М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу және одан әрі жұмысқа орналасу шарттары айтылды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өрт сөндірушілерге еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасаумен, оқушылардың мамандық өкілдерімен достық қарым-қатынасымен, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметі туралы бейнеролик көрсетумен аяқталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/973874?lang=kk