⚜ Тараз қаласында өткен FUTURE STARS атты халықаралық шығармашылық байқауында Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары жекелей өнер көрсетіп, жүлделі орын иегерлері атанды.

15.04.2025 18:51:30 143

⚜ Тараз қаласында өткен FUTURE STARS атты халықаралық шығармашылық байқауында Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары жекелей өнер көрсетіп, жүлделі орын иегерлері атанды. Атап айтқанда;
Ақыртөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Нұржан Еркежан Бауыржанқызы А.Сұлтанбековтың <<ДОМБЫРА>> әнін аспапта орындап екінші орын иеленсе,
Ақыртөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Саматұлы Алтай Құрманғазы Сағырбайұлының <<БАЛБЫРАУЫН>> күйін орындап бірінші орынды қанжығалады.
Сонымен қатар, Ақыртөбе орта мектебінің 6 сынып оқушысы Алтынбек Нуриддин Қ.Сағырбайұлының <<АДАЙ>> күйін орындап, бас жүлде иегері атанды.
🔹Н.Алтынбектің бұл кезекті төртінші байқауы болса, Е.Бауыржанқызы мен А.Саматұлының музыкалық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша, мұндай дәрежедегі байқауда алғашқы қадамдары болып саналады.
🔸56 қатысушының арасынан озық атанған өнерпаздардың жетекшісі Сандуғаш Жеңісқызына зор алғыс білдіреміз!
Марапаттарыңыз құтты болсын! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akyrtobe/press/news/details/974316?lang=kk