«Адам. Ғалам. Ғарыш»
15.04.2025 18:52:15 44
Қара-Мурза ауылдық кітапханасы мен ауылдық клубының бірлесуімен «Адам. Ғалам. Ғарыш» тақырыбында танымдық ақпарат сағаты өтті. Іс-шара аясында кітапханада арнайы фото-көрме ұйымдастырылып, ғарыш туралы кітаптар қойылды. Балалар ғарыш әлемімен танысып, Юрий Гагарин, Валентина Терешкова және қазақ ғарышкерлері туралы қызықты мәліметтер алды. Ғарыш тақырыбында жұмбақтар шешіп, асфальтқа сурет салып, өз қиялдарын шығармашылықпен жеткізді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/974630?lang=kk