Полицейлер түнде көшеде жүрген 34 жасөспірімді анықтады
15.04.2025 18:53:47 99
СҚО-да тәртіп сақшылары түнгі көшелер мен ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шараларды күшейтті. Жұмыс «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 34 фактісін анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлердің айтуынша, көктемде жасөспірімдер уақыттарын үйден тыс көбірек өткізуге тырысады және олардың уақыттарын бақылау аса өзекті болып отыр. Қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандармен жасалатын немесе оларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға алып келетін негізгі факторлардың бірі.
Құқық бұзушылықтар қасақана жасалатын жағдайда арнаулы білім беру ұйымдарына жіберуге дейінгі ықпал етудің өзге де шаралары қолданылады. Осы мақсатта ЖПІШ аясында Мамлют ауданында 17 жастағы жасөспірім бойынша материалдар сотқа жіберілді. Себеп – ұдайы сабаққа келмеуі және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полицейлер түрлі алдын алу шараларын қолданады. Мысалы, ЖПІШ 2 күнінде 37 оқу орнында құқық бұзушылық жасауға бейімділікті анықтауға бағытталған жасырын сауалнама жүргізілді. Оның нәтижелеріне қарап полиция қызметкерлері мен педагогтар бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/975037?lang=kk