«КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ» республикалық ата-аналар форумы

«КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ» республикалық ата-аналар форумы

15.04.2025 18:54:21 319

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ бірлескен 2025 жылдың 11 сәуірінде  «Кемелдікке бастар бес қадам» республикалық ата-аналар форумы өтті. Форум барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері, психологтар мен қоғам қайраткерлері, барлығы 200 ден астам адам қатысты.

Форум мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен қоғамдағы бес басты кеселді (есірткі саудасы, лудомания, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық,)отбасы мен бала тәрбиесіне әсерін саралау. Ата-аналармен бірлесе отырып, осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру, отбасы институтының рөлін нығайту және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін тиімді әдістерді талқылау.оқыту және тәрбиелеу процесінде ата-аналар академиясының жұмысына әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу.

Форум аясында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Қырғызстан ғалымы Қиялбек Ақматов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте тағылымды ойларымен бөлісті.

Форум барысында пленарлық және секциялық бөлімінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды. Лицейдің оқушылары осы қоғамдағы бес кеселмен күресу жолдары бойынша жобаларымен бөлісті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975152?lang=kk