Маңғыстау облысында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды

Маңғыстау облысында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды

15.04.2025 18:54:55 231

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ұсынысымен өңірлегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту мақсатында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауын (бұдан әрі — Байқау) Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, өткізеді.
2. Байқау мақсаты: Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту; Көпэтносты отбасылардың мәдениетіне, салт-дәстүріне, бірлігіне құрмет көрсету; Отбасы құндылығын дәріптеу.
3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу
3.1. Байқауды Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, жүзеге асырады.
3.2. Ұйымдастыру алқасы байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді.
3.3. Байқауға қазылар алқасы төрелік етеді.
3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін жүлде қорымен қамтамасыз етеді.
4. Байқаудың өткізілу мерзімі
4.1. Байқау облыс көлемінде онлайн түрде өтеді.
5. Байқауға қатысушылар
5.1. Маңғыстау облысының тұрғындары (көпэтносты отбасылар)
5.2. Байқауға қатысу үшін, 2025 жылдың 18 сәуіріне дейін Көпэтносты отбасылар (отбасы құрамында 5 түрлі этностан кем болмауы, сонымен қатар туыстықты анықтайтын құжаттарды Ank.konkurs@mail.ru почтасына 18 сәуірге дейін жолдаулауы тиіс. Келіп түскен (фото, видео ұзақтығы 3 минут) материалдар әлеуметтік желілерде жарияланады.
6. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
6.1.Байқау бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі.
6.2. Байқау форматы: Онлайн
Шарттары:
6.3. Отбасының құрамымен, этностарымен және тарихымен таныстыру (видео немесе фотослайд-шоу)
6.4. Мәдени мұра (әр отбасы өз этносының бір салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, биін, немесе әнін таныстырады.) (Бейнеролик, фотоколлаж немесе сахналық қойылым ретінде)
6.5 Шығармашылық жұмыс (балалар немесе бүкіл отбасы бірігіп шығарма, өлең, сурет немесе қолөнер бұйымын ұсынады).



7. Жеңімпаздарды анықтау
7.1.Байқау бойынша барлық жинақталған материалдар(фото, видео) әлеуметтік желілерге жарияланып, қазылар алқасының шешімімен және әлеуметтік желідегі дауыс беру арқылы жеңімпаз отбасылар анықталады.
8. Тәртіптік ережелер
8.1.Байқауға қатысушылар қажетті материалдарды бекітілген ережеге сәйкес ұсынуға міндетті.
9. Марапаттау

9.1. алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаз отбасылар арнайы шығармашылық пен өзіндік ерекшелік, мәдениетті терең таныстыру, бірлік пен достық идеяларын жеткізу критерийлерімен анықталады және «Ең көпэтносты отбасы», «Өнерлі отбасы», «Шебер отбасы», «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/975381?lang=kk