Риддер қ. әкімдігінің ШЖҚ «Водоканал» КМК профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері
15.04.2025 18:54:59 242
ҚР ТЖМ ШҚО бойынша ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі су құбыры және кәріз желілері мен құрылыстарына қызмет көрсету және жөндеу, өнеркәсіптік объектілер мен қала тұрғындарына шаруашылық ауыз суды жеткізу және сату, қаланың тұрғын аудандарынан және өнеркәсіптік объектілерден келетін шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 3 объект (өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, химиялық зертхана және қолда бар қауіпті техникалық құрылғылар) зерттелді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 16 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: "өнеркәсіптің химия саласының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары"түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975402?lang=kk