Ұлттық қор -балаларға бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды

Ұлттық қор -балаларға бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды

15.04.2025 18:55:30 143

Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды

2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ 83 937 өтінішті орындап, жалпы сомасы 9,30 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударды.
📌 Қаражат қайда бағытталды?
🏠 Тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 5,37 миллион доллар (48 626 өтініш):
▪️ 5,24 миллион доллар – тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға (47 358 өтініш).
▪️ 42,48 мың доллар – ипотекалық несиенің бастапқы жарнасы ретінде (398 өтініш).
▪️ 35,71 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәмілелермен тұрғын үй сатып алуға (345 өтініш).
🎓 Білім алу үшін – 3,93 миллион доллар (35 311 өтініш):
▪️ 3,42 миллион доллар – Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге (30 521 өтініш).
▪️ 383,6 мың доллар – білім беру жинақ шотын толықтыруға (3 616 өтініш).
▪️ 106,04 мың доллар – шетелде оқу ақысын төлеуге (1 015 өтініш).
💡 Еске сала кетейік, биыл еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан екінші рет қаражат есептелді. Жиналған қаражатты толық немесе ішінара пайдалануға болады, ал пайдаланылмаған сома мақсатты жинақ шотында (МЖШ) қалады.
📲 Кәмілет жасына толған балалар өздерінің МЖШ шотын БЖЗҚ сайтында жеке кабинетке немесе eGov ұялы қосымшасына кіріп, тексере алады, содан кейін операторға онлайн өтініш бере алады.
📌 Бағдарлама туралы толық ақпарат kids.enpf.kz сайтында.
📺 Видео нұсқаулықты БЖЗҚ YouTube арнасынан көре аласыз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/975537?lang=kk