2017 ЖЫЛЫ 600 МЫҢНАН АСТАМ ТРАНЗИТТІК ӘУЕ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ

2017 ЖЫЛЫ 600 МЫҢНАН АСТАМ ТРАНЗИТТІК ӘУЕ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ

15.04.2025 18:55:47 198

Соңғы 8 жылда қазақстандық әуе компаниялардың транзиттік жолаушылар саны 30 есеге артып, жылына 20 мыңнан 620 мың жолаушыға дейін өсті. Қазақстан арқылы өтетін негізгі транзиттік жолаушылар ағыны Қытайдан Еуропаға, Түркияға, Ресей мен Украинаға, Еуропа мен Оңтүстік Корея арасына, Украинадан Өзбекстан мен Үндістанға, және Түркия мен Өзбекстан бағыттарында байқалады»,-деп атап өтті азаматтық авиацияны дамыту мәселелеріне арналған Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

2017 жылы қазақстандық әуе компаниялар 620 мың транзиттік әуе жолаушыларын тасымалдады. 2018 жылы 900 мың транзиттік жолаушы тасымалданады, деп күтілуде.

«Биыл қазақстандық әуе компаниялармен Астана-Тюмень, Астана - Краснодар, Астанадан Вильнюс,Томск,Челябинск, Сочи, Батуми, Душанбе қалаларына тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр. Ал, шетел әуе компанияларымен (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) Рига – Алматы, Дубаи – Алматы, Дубаи – Актау, Красноярск – Алматы, Мәскеу – Кызылорда бағыттары бойынша тұрақты рейстер ашылмақ»,-деді министр.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Үкіметтің қаулысымен 2017 жылдың 7 маусымынан бастап пилоттық режимде қазақстандық әуе компанияларымен Астана және Алматы әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілген болатын.  Жақында ол 2018 жылдың аяғына дейін ұзартылды.

Транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, Үндістанның және басқа елдердің транзиттік азаматтарына арналған балама режим туралы мәселе қарастырылуда.

Жеңіс Қасымбектің айтуы бойынша, географиялық орналасуының арқасында Қазақстан транзиттік ұшып өту үшін тартымды болып тұр.  

Қазақстан территориясында ұзақтығы 84 166 шақырым болатын 92 әуе жолы бар. Одан тәулігіне 700 әуе кемесі ұшып өтеді.

Транзиттік тасымалдаулардың 80%-ы Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғайтын 12 негізгі бағыт бойынша еліміздің территориясы арқылы өтеді.

2017 жылы 301,3 млн. ұшақ-шақырым орындалып,  өсім 5,9%-ды құрады. 2017 жылы транзиттік әуе ұшулар 175,2 миллионға жуық ұшақ шақырымды құрап, 2016 жылдың көрсеткішінен 4%-ға артқан. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25952?lang=kk