ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ӘУЕЖАЙЛАР МЕН ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІН ТЕКСЕРЕДІ

ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ӘУЕЖАЙЛАР МЕН ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІН ТЕКСЕРЕДІ

15.04.2025 18:55:48 253

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңының 16-2 бабының 1 тармағына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды. Бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтау жөніндегі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.

Жоспар аясында:

- коммерциялық тасымалды жүзеге асыратын  20 пайдаланушыға (7 сертификациялық тексеріс, 46 инспекциялық, 39 біріккен бағыттық және перрондық тексерістер);

- авиациялық жұмыстар жүргізетін 36 пайдаланушыға (10 сертификациялық тексеріс, 90 инспекциялық,  49 біріккен бағыттық және перрондық тексерістер);

-  жалпы мақсаттағы авиацияның 11пайдаланушысына (1 сертификациялық тексеріс және 23 инспекция);

-  авиациялық техникаға қызмет көрсететін және жөндейтін 20 ұйымды  (8 сертификациялық тексеру және 13 инспекция);

- «Қазаэронавигация» РМК-ның11 филиалын (аэронавигациялық ұйымдардың сертификациялық қызметіне 11 инспекция);

-  іздестіру-құтқару ұшуларын қамтамасыз етуге жұмылдырылатын 14 ұйымды (14 инспекция);

- 24 әуежай/аэродром (13 сертификациялық тексеру және 29 инспекция);

- 8 вертодром (8 сертификациялық тексеру және 8 инспекция);

- 23 авиациялық оқу орталығын (10 сертификациялық тексеру және 36 инспекциялық тексеру).

-25 шетел әуе компаниясын (25 перрондық тексеру).

- 4 авиациялық медициналық орталықты және 5 авиациялық медициналық сарапшыны (9 инспекция);

- авиациялық қауіпсіздік саласындағы субъектілерге 44 түрлі инспекциялық және сертификациялық тексерістер жүргізу көзделіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25985?lang=kk