ҚР ИДМ ЗИЯТКЕРЛІК КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫ БАСТАП КЕТТІ
15.04.2025 18:55:49 187Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Цифрлы Қазақстан» мемлекетік бағдарламасы аясында Зияткерлік көлік жүйесін құру жөнінде жұмыстар атқарылуда (ITS).
ITS мақсаты – көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын, көлік құрылғыларын және пайдаланушыларды заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жүйелік ықпалдастыру.
Тұжырымдамада ITS құрамына 11 компонент кіретін болады. Жобаның ауқымы үлкен, сол себепті оны 2021 жылға дейін іске асыру жоспарланған.
ITS элементтері инновациялық технологияларды колдана отырып, жол үстінде кезең-кезеңмен енгізілетін болады.
Компоненттердің біріне негізгі автомобиль дәліздерінде орнатылатын арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары (ААӨҚ) жатады. ААӨҚ қозғалыстағы көлік құралын түйіспесіз өлшеп, негізсіз тоқтатуларды алып тастауды қамтамасыз етеді.
Биыл ААӨҚ-ның 10 бірлігін іске қосу, ал 2020 жылға қарай олардың санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жолдағы ахуал жайында жүргізушілерді ақпараттандыруға мүмкіндік беретін жол қозғалысымен басқару жүйесі, автожолдар бойында метеостанция желісі арқылы жүзеге асырылатын климаттық жағдайларды болжау және талдау жүйесі, бейне-мониторинг және жол жүру ережесін бұзуды анықтауға арналған арнайы бейне камералар желісі (бейне- және фототіркеу үшін камералар тораптары), республикалық автожолдар торын күтіп-ұстауға кететін шығындарды жабатын ақылы автожол жүйелері және басқаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Олар кезең-кезеңмен 2021 жылға дейін енгізілетін болады.
Жобаның жүзеге асырылуы жолдағы адам өлімін қысқартуға, транзиттік тасымал көлемі мен логистикалық қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, негізгі автодәліздерді толығымен өлшеу құралдарымен қамтуға, және де жолдарда жүргізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Осындай жүйелер Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Австралияда, Еуропада және АӨШ-нда ойдағыдай жұмыс жасауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25996?lang=kk