ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР БЕРІЛЕДІ

ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР БЕРІЛЕДІ

15.04.2025 18:55:51 231

ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің ақпараты бойынша, инвестициялық климатты жақсарту мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды корпоративтік табыс салығынан үш жыл мерзімге босату қарастырылып отыр. Бұл жеңілдік 5 миллион АЕК мөлшерінде инвестиция салынған жағдайда жүзеге асырылады.

Жаңадан құрылған заңды тұлғаның инвестициялық артықшылықтар алу туралы өтініш берген күнге дейінгі талаптары жойылады (24 ай). Бұл жағдайда Салық кодексі бөлек есепке алуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, инвестициялық артықшылықтар туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі оңтайландырылған. Осылайша, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және негізгі құралдарды, шикізатты және материалдарды сатып алу шығындарын негіздейтін бірқатар құжаттар алынып тасталды.

Еске сала кетейік, жаңа Салық кодексіне Мемлекет басшысы 2017 жылдың желтоқсан айында қол қойған болатын және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.



Сурет ашық ақпарат көзінен алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26006?lang=kk