ҚАЗАҚСТАНДА 10 МЫҢНАН АСТАМ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
15.04.2025 18:55:52 275Құжат қағидаларына сәйкес, салмағы 200 келіге дейінгі өздері жүзе алмайтын шағын көлемді кемелер, сонымен бірге қозғалтқышы мен демалыс орны жоқ ұзындығы 9 метрден аспайтын парусты спорттық кемелер 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген кеме кітабынан кеме иесінің өтінішінсіз алынып тасталады. Бұл норма 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды болды.
ҚР ИДМ Көлік комитетінің инспекциялары мемлекеттік тіркеуден кемелерді алып тастау жөнінде кеме иелерін БАҚ көмегімен ақпараттандыру жөнінде жұмыстар жүргізді. Жалпы, республика бойынша 10790 шағын көлемді кеме мемлекеттік тіркеуден шығарылды. Бүгін күні жалпы саны 19096 шағын көлемді кеме тіркелген (2422 өзі жүрмейтін, 16688 өзі жүретін).
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 98-35-11 телефоны арқылы Көлік комитетіне немесе Көлікті бақылау инспекцияларына хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26013?lang=kk