Заң мен тәртіп: Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-АЭК» ЖШС қызметкерлері үшін семинар өткізді

Заң мен тәртіп: Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-АЭК» ЖШС қызметкерлері үшін семинар өткізді

15.04.2025 19:05:02 1034

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және құқық бұзушылықтардың алдын алуды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана-АЭК» ЖШС қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Іс-шара құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және еңбек ұжымында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сіңіруге бағытталған.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі және мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/974933?lang=kk