«Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері»

«Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері»

17.04.2025 23:23:46 2666

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында қылмыстық істерді қарауға маманданған судьялар үшін дараланған онлайн-курс өтті.

Семинар Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен бекітілген Сот төрелігі академиясын дамыту Тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды.

Бастама қылмыстық процесті реформалау және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәжірибесін кеңейту жағдайында судьялардың кәсіби құзыреттерін тереңдетуге бағытталған.

Оқытуға еліміздің барлық өңірлерінен судьялар қатысты.

Бағдарламаның мазмұнды бөлігін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы және Астана қаласы сотының судьясы Есімова Алма Есімқызы ұсынды.

Спикерлер алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, практикалық сын-қатерлер мен құқық қолдану практикасына ерекше назар аударды.

Шара кәсіби пікірталас пен тәжірибе алмасудың негізі бола отырып, қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Семинар судьялар корпусының қазіргі заманғы сот төрелігінің сын-тегеуріндеріне сәйкес келетін мамандандырылған оқыту форматтарына жоғары сұранысын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/975433?lang=kk