Бизнеске қорған болу – қадағалау басымдығы
18.04.2025 03:40:46 2268«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу процесінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы анықталды.
Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органы 30 мемлекеттік шарт бойынша 27 кәсіпкерге 1 млн 400 мың теңгеден астам кепілдік жарнаны қайтармаған.
Мысалы, «Қабылан эксперт» ЖШС 5 млн теңгеге келісімшарт жасасу барысында 167 025 теңге кепілдік жарнасын енгізген.
Алайда, өз міндеттемелерін толық орындағанына қарамастан, мемлекеттік сатып алу порталында шарттың мәртебесін уақтылы өзгертпеу салдарынан қаржы қайтарылмаған.
Ұқсас заң бұзушылықтар Мұғалжар және Ырғыз аудандарында анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, кәсіпкерлерге 170 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/976448?lang=kk