Қарағандылық каратешілер Жапонияда өткен халықаралық турнирде 16 медаль жеңіп алды

Қарағандылық каратешілер Жапонияда өткен халықаралық турнирде 16 медаль жеңіп алды

18.04.2025 03:53:53 297

Жапонияның Тояма қаласында киокушинкай каратеден беделді халықаралық турнир өтті. Қарағанды облысынан 11 жауынгер сайысқа түсті. Нәтиже де жоғары: 16 медаль, оның алтауы алтын.

Қазақстандықтардың қарсыластары Жапония, Ресей, Германия және Кореяның мықты спортшылары болды.

– Қарағанды мектебі өзін жарқын көрсетті. Біз алты алтын медаль ұтып алдық. Бұл өте жақсы нәтиже, әсіресе қараша айында Австралияда өтетін Әлем кубогының алдында. Оған қарағандылық бес спортшы іріктеліп алынды. Жылдың басты жарыстарына барынша дайындалып жатырмыз, – дейді Қарағанды облысының кекушинкай карате федерациясының басшысы Тимур Райымбеков.

Ол өзі де алтын медаль алды. Түрлі пәндер бойынша Илья Опалев, Амира Райымбекова, Жанетта Сұлтанова бірінші орын алды. Владимир Гриневецкий ката мен кумитте екі рет жеңімпаз атанды. Оның күш-қуаты халықаралық турнирде үздік деп танылды.

Күміс және қола жүлдеге Думан Балтабай, Амира Райымбекова, Аружан Маден, Виктор Кузнецов, Әсем Шәугенбай, Жанетта Сұлатнова, Милослав Парфенов ие болды.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976479?lang=kk