Бақылау-қассалық машиналарды қолдану

Бақылау-қассалық машиналарды қолдану

18.04.2025 06:26:45 2154

 Салық кодексінің 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар үлгілері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабына сәйкес БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану -ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік):

- жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;

- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/977116?lang=kk