Сумен жабдықтау қызыметінің сараланған тарифі туралы
18.04.2025 08:45:51 7411Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №385-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айына бір адамға тұтыну көлеміне қарай сумен жабдықтау қызметіне сараланған тариф енгізілді.
"Қостанай-Су" МКК сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылардан тұрғын үй иесінің мекенжайында тіркелген тұлғаларды салыстырып тексеру үшін абоненттік бөлімге жүгінуді сұрайды.
Тіркелген азаматтар туралы мәліметтерді тұрғын үй иесі "Электрондық үкімет" порталында (e-Gov) өзінің "Жеке кабинетінен" көре алады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласыңыздар:
74-90-60,54-24-94,22-25-33,39-37-65,22-86-65.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/977659?lang=kk