Қазақстандық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатыр

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатыр

18.04.2025 13:58:13 363

Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. Олардың қатарында қарағандылықтар да бар.

Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.

Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі — еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

«Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз», — деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы; PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.

Айта кетейік, Қазақстан — FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/978725?lang=kk