Катонқарағай ауданы аумағында құрғақ шөптің жануына қатысты екі жағдай тіркелді.
24.04.2025 22:15:01 297
Катонқарағай ауданы аумағында құрғақ шөптің жануына қатысты екі жағдай тіркелді.
Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жинау және өртеу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды өртеу кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ үшін ҚР ӘҚБтК 336- БАБЫНА сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
ЖЫЛ САЙЫН ШҚО аумағында құрғақ шөпті БАҚЫЛАУСЫЗ ӨРТЕУДІҢ мыңдаған оқиғасы болып тұрады, оның жүздегені ірі өрттер, үлкен материалдық ШЫҒЫНҒА әкеп соғады. БҰЛ АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ, ЭКОЖҮЙЕНІ БҰЗАДЫ, ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУЕПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.
ШӨП ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ:
1. Тұрғын үйлердің үй-жайлық телімдерінде ірі азық ғимараттар мен аула құрылыстарынан 15 метрден кем емес қашықтықта сақталады.
2. Ірі азықты көрсетілген қашықтықта сақтау мүмкін болмағанда, қосымша 500 литрден кем емес суы бар ыдысты қамтамасыз еткен жағдайда, қашықтық 5 метрге қысқартылады.
3. Ірі азықты қора, шаруашылық құрылыстарының төбесіне, электрөткізгіштер желілерінің астыңғы жағына сақтауға тиым салынады.
ЕГЕР ДЕ СІЗ ШӨПТІ ӨРТЕУ ОҚИҒАСЫНА КУӘ БОЛСАҢЫЗ ДЕРЕУ 101 НӨМЕРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.
Если вы стали свидетелем поджога сухой травы — немедленно сообщите об этом по номеру 101.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979531?lang=kk