«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының үздік педагогі», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» республикалық байқауларының облыстық кезеңі
24.04.2025 22:15:03 484
«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 18 сәуірінде «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» атты республикалық байқауларының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға облыстың аутизм орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 3 педагогі және ПМПК-ның 2 маманы қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
«Үздік сабақ» номинациясында (жеке немесе кіші топтық)
І орын - Байдаханова Аяулым Қабылғазықызы, «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектолог-мұғалімі;
ІІ орын - Қабылғазина Еркеназ Қабылғазықызы «Асыл Мирас» аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталығының дефектолог-мұғалімі;
«Үздік әдістемелік кейс» номинациясы бойынша арнайы педагог, педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы;
ІІ орын - Банникова Мария Анатольевна, «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психологі;
«Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясында;
І орын - Буркашева Шынар Толыбаевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ дефектолог-мұғалімі;
ІІ орын - Идришева Майгуль Ергалиевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ педагог-психологі иеленді.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979529?lang=kk