ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰЖАТТЫҚ КӨРМЕ ЖАЛҒАСУДА
25.04.2025 05:42:53 319
Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай, Ордабасы аудандық мәдениет сарайында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві кезекті «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты жылжымалы құжаттық көрмесін өткізді.
Зиялы қауымдар жылжымалы көрмеде 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Ордабасылық жауынгерлердің ерлігі, майдандағы жорықтары мен алған марапаттары туралы архив қорында сақталған құжаттарға негізделіп жасақталған көрме мәліметтерімен танысты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей сөз сөйледі. Осы орайда, танымдық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруда Ордабасы ауданы әкімдігіне, аудандық ардагерлер кеңесі және аудандық мәдениет үйінің басшылығына, сондай ақ білім мекемелеріне алғысын айтты.
Дәл осылай кезекті жылжымалы құжаттық көрме Бәйдібек ауданы, Жастар сарайында жалғасын тапты.
Шаралар барысында архив мекемесінің басшысы Гүлнар Сәдібекқызы мен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Баһрам Пазылов сөз сөйлеп, қасіретті жылдардың адам төзгісіз ауыр сәттері туралы айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/982137?lang=kk