Жергілікті өндірісті қолдау: Қарағанды облысы «Қазцинк» кәсіпорнымен ынтымақтастықты кеңейтеді

Жергілікті өндірісті қолдау: Қарағанды облысы «Қазцинк» кәсіпорнымен ынтымақтастықты кеңейтеді

25.04.2025 06:31:27 715

Қарағанды облысы жергілікті өнімді өткізу нарығын кеңейтудің қосымша тәсілдерін іздеуде. Өңірге ірі тау-кен металлургиялық «Қазцинк» компаниясының делегациясы келді. Еліміздің түсті металлургиясы көшбасшыларының бірі қазірдің өзінде «Қарағандыда жасалған» маркалы өнімді пайдаланады. Бұл тау-кен қазу жұмыстарына арналған бекіту, футерлеу, гуммирленген бұйымдар және т.б. Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіпшілері жаңа жеткізушілерді іздеуге келді. 

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және өңіраралық іскерлік байланыстарды дамыту.

«Казцинк» өкілдері өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болып, өндіріспен танысты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік тауар өндірушілер өнімдерінің көрмесі өтті. 

Арнайы киімнен бастап технологиялық жабдыққа, 3D-басып шығаруды пайдаланатын аддитивті технологияларға дейін жергілікті тауарлар мен шешімдердің кең спектрі ұсынылды.

Одан кейін дөңгелек үстел өтіп, онда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

– Біздің облысымызды сіздер білесіздер, жергілікті кәсіпорындармен жұмыс істейсіздер. Өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері бар. Біз отандық ірі компаниялардың біздің облыстың тауар өндірушілерімен жаңа қарым-қатынас орнатқанына қуаныштымыз. Бізде импортты алмастыратын өндірістер бар, соның ішінде жоғары өңделген өнім шығарады, – деп қонақтарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қарсы алды.

Қарағандылық тауар өндірушілер компания басшылығына өз ұсыныстарын тікелей айта алды.

«Қазцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин үкімет ірі бизнестің алдына экономика өсіміне қол жеткізу үшін елдің ішкі құндылығын арттыру міндетін қойып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сапар іскерлік байланыстарды кеңейтуге серпін береді.

– Бізге негізгі тауар өндірушілердің жетістіктерімен, бизнесімен танысуға мүмкіндік туды. Бұл өте жақсы тәжірибе. Iрi бизнестiң ел iшiндегi құндылығын арттыруға қатысуы біз үшiн шешушi болып отыр. Осыған байланысты импортты алмастыру жолымен жүру үшін жергілікті өндірушілермен жанасу нүктелерін іздестірудеміз. Осы кездесуден сенімді серіктестер табамыз деп күтемін. Ынтымақтастық үшін әлеует зор, – деді Жанат Жанботин.

Меморандум тараптардың қазақстандық қамтудың өсуін ынталандыруға дайындығын көрсетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982660?lang=kk