Бас консул Самарқанд облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығымен кездесу өткізді
28.04.2025 04:14:20 143
2025 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығымен кездесті.
Тараптар Қазақстан өңірлері мен Самарқанд облысы арасындағы агроөнеркәсіптік саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бас консул қазақстандық нарыққа Самарқанд облысында өндірілетін көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ кептірілген жемістерді жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Ұлықбек Әлиев Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде бидай, күріш, жүгері, күнбағыс тұқымын және т. б. жеткізуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Самарқанд облысы мен Қазақстан өңірлері арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді ұлғайтуға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/983027?lang=kk